387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


MMA: Бір қолы шынтақтан кесілген спортшы қарсыласын жеңіп кетті

  • 182
  • UPD: 16:55, 25.08.2019
MMA: Бір қолы шынтақтан кесілген спортшы қарсыласын жеңіп кетті

Сол қолының шынтағына ампутация жасалған американдық спортшы Ник Ньюэлл АҚШ-та Bellator турнирінде алғаш рет өнер көрсетті.

33 жастағы АҚШ өкілі өз отандасы Кори Браунингті жеңді. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Ньюэлл қарсыласына қылғындыру әдісін қолданған, Браунинг жеңілгенін мойындауына тура келді. Осы күнге дейін 18 рет жекпе-жекке шыққан Ник Ньюэлл екі рет ғана жеңілген. Файтер биыл шілдеде Bellator ұйымымен келісім-шартқа отырды.

Хабар 24 телеарнасы