386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу өтетін қалалар белгілі болды

  • 175
  • UPD: 22:13, 31.08.2019
Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу өтетін қалалар белгілі болды

Бокстан 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерін ұйымдастыратын арнайы жұмыс тобы лицензиялық жарыс өтетін қалаларды анықтады. 

2020 жылдың ақпаны мен мамыры аралығында бокстан төрт аймақтық іріктеу турнирі мен әлем чемпионаты өтеді. Аталған турнирлер арқылы боксшылар Токио Олимпиадасының жолдамасына таласпақ. 

Бокстан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері: 

Азия/Океания: ВУХАН, Қытай, 3-14 ақпан 2020 жыл

Африка: ДАКАР, Сенегал, 20-29 ақпан 2020 жыл

Еуропа: Лондон, Ұлыбритания, 13-23 наурыз 2020 жыл

Америка: Буэнос-Айрес, Аргентина, 26 наурыз - 3 сәуір 2020 ж.

Бокстан әлем чемпионаты 13-24 мамыр аралығында Францияның Париж қаласында өтеді.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы