389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» футболшылары Манчестерге аттанды

  • 236
  • UPD: 08:02, 17.09.2019
«Астана» футболшылары Манчестерге аттанды

«Астана» футбол командасы Еуропа лигасы турнирінің топтық кезеңінде «Манчестер Юнайтедпен» кездесу үшін Англияға ұшып кетті.

Елордалық клуб қыркүйектің 19-нан 20-на қараған түні сырт алаңда атақты «Манчестер Юнайтед» командасымен ойнайды. Команда мынадай құраммен аттанды:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов,

Қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко

Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мұжықов, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Дидар Жалмұқан

Шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Муртазаев және  Фирмин Мубеле.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы