378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы бокс кешінің қатысушылары халық алдында жаттығу өткізді

  • 247
  • UPD: 22:28, 14.12.2019

Тәуелсіздік  мерекесі күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді.

«МТК Глобал Қазақстан» менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін шараға Азия мен Африка және Еуропа құрлығының талантты боксшылары қатысады. Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Фазлиддин Гаибназаров секілді мықтыларда шаршы алаңға көтеріледі. Жарысқа қатысушылар жанкүйерлер алдында ашық жаттығу өткізді. Бұл турнирді ұйымдастырудағы мақсатымыз тәуелсіздік мерекесін ұлықтап қана қоймай, жас таланттарымыздың жолын ашуды көздеп отырмыз- дейді бокс кешін ұйымдастырушы Асқар Салықбаев. Дәл осы сында ел намысын Ескендір Харсан мен Елшат Нығметолла, Абай Төлеш пен Рай Сейтжанов, Мирас Әли мен Нұрдос Төлебай секілді боксшыларымыз қорғайды. Ал кештің басты жекпе-жегінде жерлесіміз Виктор Коточигов чемпиондық белбеуін қорғап қалу үшін аргентиналық Хавьер Хосе Клаверомен қолғап түйістіреді. 

Виктор Коточигов, кәсіпқой боксшы:

- Дайындық бәрі жақсы өтті. Құдай қаласа істейміз жақсылап істейміз. Ол ұлттық мейрам бізге мотивация. Келіңіздер бәріңіз бізді қолдаңыз. Жақсы әдемі қазақстандық бокс көрсетеміз. Қарсылас аргентиналық опытный бала. 32 бой істеді, 27 победа, 5 поражение бар. Өте тәжірибелі бала.

Хабар 24 телеарнасы