430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің каратешілері Чилиде жаттығып жатыр

  • 727
  • UPD: 17:26, 07.01.2020
Еліміздің каратешілері Чилиде жаттығып жатыр

Каратеден Қазақстан командасы Чилидің Сантьяго қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын бастады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жаттығу жиынына Қазақстаннан бөлек Чили, Сербия, АҚШ және Филиппин құрамалары қатысуда. 

«Бұл жаттығу жиыны Премьер-лига қарсаңында өткендіктен біздің команда үшін өте маңызды. Жаңа жылдың алғашқы жарысы осында өтеді. Ал біздің спортшылар үшін бұл климатқа бейімделу үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені уақыт пен климат айырмашылығы каратешілерге айтарлықтай кері әсер етуде. Сондықтан мұндай бәсеке алдында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізген дұрыс», - дейді команда бас бапкері Жасталап Санауов.

Хабар 24 телеарнасы