443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кака: Біздің жігіттер халық үшін ойнайды

  • 175
  • UPD: 12:53, 05.02.2020
Кака: Біздің жігіттер халық үшін ойнайды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері Рикардо Кака 2020 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінің элиталық кезеңінде Словениямен (4:3) өткен ойыннан кейін пікір қалдырды.

– Менің командамның көрсетіп жатқан ойынына ұялмаймын. Осы уақытқа дейін де осы сөзді айтқан едім. Жігіттердің алаңда көрсетіп жатқан матчы менің ойымдағы футзалға жақын келеді. Олар халық үшін ойнайды. Мұндай ниеттің арқасында барлық қиындықтарды артта қалдыруға болады. Бір күн демалуға мүмкіндік бердім. Чехиямен өткен ойында жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Екінші кездесудің нәтижесіне қарамаймыз. Команда ел үшін жеңіске жетуге ұмтылады, – дейді Рикардо Кака Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Хабар 24 телеарнасы