423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық құрама теннисшілері жанкүйерлермен кездесті

  • 490
  • UPD: 21:56, 29.02.2020

Қазақстандық белгілі теннисшілер Александр Недовесов, Дмитрий Попко, Александр Бублик және Денис Евсеев бүгін елордада жанкүйерлермен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық құрама ойыншылары шеберлік сабағын да өткізді.

Теннистен ұлттық құраманы алдағы аптада аса жауапты ойындар күтіп тұр. 6-7 наурыз күндері отандастарымыз елордада Нидерланд командасымен кездеседі. Жеңіске жеткен ұжым Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады. Іріктеу жарысынан сүрінбей өтсек, әлемдегі үздік 18 құраманың қатарына қосыламыз.

Александр Недовесов, теннистен ұлттық құрама мүшесі:

– Біз тек жеңіс үшін ойнайтын боламыз. Ойын аса маңызды болғандықтан, дайындықты ерте бастап кеттік. Нидерланд теннисшілерінің қабілеті бізге мәлім. Плей-оффта ешқашан әлсіз командалар кездеспейді.

Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасындағы ойын қарсаңында спортшылар жанкүйерлермен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Құрама мүшелерінің бос уақытында немен шұғылданып, күніне қанша уақыт жаттығатыны және спортпен қоштасқаннан кейін қандай іспен айналысатыны жайында қызықты деректер айтылды.

Ерлан Бекішев, жанкүйер:

– Ұлттық құрамаға әрдайым қолдау көрсетеміз. Барлық құрлықта өткен ойындарын тамашаладық. Нидерландтан 70-ке жуық жанкүйер келетінін білеміз. Дегенмен біздің қолдау олардан асып түседі.

Кездесу аясында балаларға шеберлік-сабағы да ұйымдастырылды. Белсенді жанкүйерлер арнайы сыйлықтарға ие болды.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Марат Диқанбаев

Хабар 24 телеарнасы