411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден әлем чемпионаты Ресейге ауыстырылмайтын болды

  • 222
Хоккейден әлем чемпионаты Ресейге ауыстырылмайтын болды prosports.kz

Халықаралық хоккей федерациясының вице-президенті Калерво Куммола әлем чемпионатын Ресейде өткізу туралы мәселеге жауап қатты.

Коронавирусқа байланысты Швейцарияда өтетін әлем чемпионаты өткізілмеуі мүмкіндігі туралы ақпарат таралған болатын. Осы орайда Ресей және Беларусь елдері әлем чемпионатын өткізуге дайын екендігін айтқан болатын.

«Біз бұл ұсыныстарды қабылдамаймыз деп шештік. Егер Швейцарияда әлем чемпионаты өтпейтін болса, біз Ресейде де өткізе алмаймыз», - деді Куммола. 

Хабар 24 телеарнасы