Тайсон Фьюриге Майк Тайсонмен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен
- 350
- UPD: 16:29, 27.05.2020

Аса ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри боксқа оралуды көздеп жүрген Майк Тайсонмен жекпе-жек өткізуге ұсыныс түскенін айтты.
– Маған хабарласып, Майк Тайсонмен жекпе-жек өткізуге қалай қарайтынымды сұрады. Мен, әрине, келісімімді бердім. Бірақ бұл жекпе-жектің өтуі екіталай деп ойлаймын, – деді Тайсон Фьюри.
Айта кетейік, Майк Тайсон боксқа оралса 57 жастағы Эвандер Холифилдпен жекпе-жек өткізеді деп күтілуде, деп хабарлайды Prosports.kz.