426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси мен Роналду алғаш рет Чемпиондар лигасының үздіктер құрамына кіре алмай қалды

  • 201
  • UPD: 16:14, 25.08.2020
Месси мен Роналду алғаш рет Чемпиондар лигасының үздіктер құрамына кіре алмай қалды фото: vesti.kz

Goal.com порталының тілшілері 2019/20 жылғы маусымның символикалық құрамын жариялады.

Бұл құрамға мюнхэндік «Баварияның» сегіз футболшысы кірген, деп хабарлайды Vesti.kz. Олар – Мануэль Нойер, Йозуа Киммих, Давид Алаба, Альфонсо Дэвис, Серж Гнабри, Тьяго Алькантара, Томас Мюллер, Роберт Левандовски. Сонымен қатар тізімде Дайо Упамекано («РБ Лейпциг»), Эрлинг Холанд («Боруссия» Дортмунд), Неймар («Пари Сен-Жермен») секілді футболшылар бар.

Бір қызығы, тізімге каталониялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси мен туриндік «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду қосылмаған. Еске салайық, «Барселона» Чемпиондар линасының ширек финалында сүрінсе, италиялық команда 1/8 финалдан аса алмады.

Айта кетейік, бұған дейін Месси мен Роналду бұл басылымның үздіктер құрамында жеті жыл бойы кіріп келген еді.

Чемпиондар лигасының биылғы маусымдағы финалы 23 тамызда өтті. Шешуші матчта «Бавария» ПСЖ командасын 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды Кингсли Коман соқты. Осылайша, германиялық ұжым Чемпиондар лигасын алтыншы рет жеңді.

Хабар 24 телеарнасы