421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Луценконың алғашқы бапкері: Ол – өте дарынды бала

  • 161
  • UPD: 10:03, 08.09.2020

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценконың «Тур де Франстағы» жеңісіне жерлестері қуанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, оның алғашқы жаттықтырушысы Виктор Потаповтың шаттануы заңдылық. Чемпиондар шыққан мектеп қандай? Жүзден жүйрік болудың сыры неде?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Франция. «Тур де Франстың» 6-кезеңі. Қазақстандық Алексей Луценко 191 шақырымды 4 сағат 32 минут 34 секундта бағындырып, жеңімпаз атанды.

Қазақстан. Алексейдің бірінші бапкері – Виктор Потапов. Чемпионды ауылдан байқап, қолына алған азамат. 68 жастағы жаттықтырушы 20-дан астам спорт шеберін тәрбиелеп шығарған. Әр баланы жанын салып баптады. Үміт ақталды. Шәкірттері оза шауып, мерейін үстем етті.

Виктор Потапов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

- Мен оларға газқағар кигізіп, дем алу құбыршегімен жүргізіп қойдым. Бәрі де екіншісінен кейін тұншыға бастады. Ал, Алексей тоқтаған жоқ. Үшіншісін, төртіншісін тақтық. Сонда ғана тынысы тарылды. Өте дарынды бала.

Виктор Потапов спорт мектеп-интернатында жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Қазір 20 шақты ұл-қызды жарыстарға жаратып жүр. Солардың бірі – Камила Сұлтанғазиева.

Камила Сұлтанғазиева, велошабандоз:

- Велоспорт қиын, әрине. Бірақ қалай өте әдемі. Себебі білмеймін, қызық, велосипедпен жүргенде өте қызық. Қарағанда да өте әдемі болып көрінеді. Велоспортсыз осылай өмір сүруге. Бірақ мен осылай өмір сүре алмаймын.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Солтүстік Қазақстан облысын велошабандоздардың ұстаханасы деуге болады. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров. Енді міне, Алексей Луценко жасындай жарқырап жүр. Оларға қарап мына жас балалар да бой түзейді.

Петропавлдың кіреберісіндегі велоспортшылардың мына бір мүсіндері суықта да, ыстықта да тұрады. Спортшылар да солай. Онсыз болмайды. Күштілер ғана бірінші болады, чемпион болады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы