422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хабибтің менеджері коронавирус жұқтырды

  • 141
Хабибтің менеджері коронавирус жұқтырды https://prosports.kz

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері – Али Абдель-Азиз коронавирусқа сынақтан өткендігі туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Достар мен әріптестер, осы аптада маған COVID-19 диагнозы қойылды және мен ауруханада емделіп жатырмын. Менімен байланыста болған кез келген адам қажетті сақтық шараларын қабылдауы үшін бұл туралы хабарлағым келеді. Сіздерге көп рақмет және аман болыңыздар», - деп жазды Абдель-Азиз Instagram парақшасында.

Еске салайық, 25 қазанға қараған түні Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтижға қарсы жекпе-жекте титулын қорғайды.

Хабар 24 телеарнасы