423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» хоккейшілері ресейлік «Амурды» жеңді

  • 176
  • UPD: 21:02, 26.12.2020
«Барыс» хоккейшілері ресейлік «Амурды» жеңді

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін 26 желтоқсанда елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі кездесуде елордалық хоккейшілер ширақ қимылдады. Қарсыластар қақпасына жиі шабуыл жасады. Нәтижесінде бірінші кезеңнің 5-минутында «Барыс» хоккейшісі Якоб Лилья мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңнің 24-минутында ресейлік хоккейшілер таразы басын теңестірді. Бұл жолы голды Михал Йордан өзінің еншісіне жазды. Ал 38-минутта Мэтт Фрэттин «Барысты» қайтадан алға шығарды.

Үшінші кезеңде де «Барыстың» басымдығы байқалып тұрды. Осындай шабуылдарда Кёртис Валк 41, Әлихан Әсетов 53, Якоб Лилья 58-минуттарда гол соғып кетті. Оған 59-минутта «Амур» хоккейшісі Доминик Машин бір голмен жауап қайырды. Ойында «Барыс» қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.

Осылайша қатарынан бес ойында жеңіске жетті. Нәтижесінде елордалық клуб турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. Сондай-ақ елордалық хоккейшілер мұнан бұрын «Авангардтан» басым түскен еді. Енді «Барыс» екі ойынды Нұр-Сұлтанда өткізеді. Алдымен 28 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір), одан кейін 30 желтоқсанда «Металлург» (Магнитогорск) командаларымен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы