389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстанда 20 мемлекеттік сайт уақытша істемей тұр

  • 635
  • UPD: 14:26, 16.02.2019
Қазақстанда 20 мемлекеттік сайт уақытша істемей тұр

Жоспардан тыс телекоммуникациялық тексеріс жұмыстарына байланысты 20 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлайды.

«2019 жылғы 16 ақпанда сағат 21:00-ден 17 ақпан сағат 13:00-ге дейін телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты келесі интернет ресурстары қолжетімсіз болады:

- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы;

- «Электрондық Үкімет» Порталы;

- «Электрондық Үкіметтің» Төлем Шлюзі;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Шлюзі;

- «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;

- Қазақстан Республикасының Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

- Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

- «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры;

- «Ашық Үкімет» порталы;

- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;

- Сервистік бағдарламалық өнім «Монополист» базасы;

- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

inform.kz

Телеканал Хабар 24