378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматы облысынды Шұқырбұлақ су бөгетінің құрылысы басталды

  • 205
  • UPD: 23:39, 18.04.2019

Алматы облысының Қытаймен шекаралас Қорғас өзенінде Шұқырбұлақ су бөгетінің құрылысы басталды.  

Халықаралық маңызы зор бұл жобаны екі ел бірлесіп қаржыландырады.  

Қорғас өзенінде салынатын Шұқырбұлақ су бөгетінің ірге тасын қалау салтанатына Қазақстан мен Қытайдың жауапты өкілдері қатысты. Су бөгетінің құрылысына  екі ел тарапынан  жалпы сомасы 11 миллиард 700 млн. теңге бөлінген. 

Аршын Кемелжан, тілші:

- Cу бөгетін салу туралы халықаралық келісім 2017 жылы жасалған-ды. Өйткені, 2015, 2016 жылдары таулы мұздықтар еріп, Қорғас өзеніне сыймаған су  Қорғас халықаралық ынтымақтастық орталығына зиян келтірген болатын. Шығын көлемі екі жарым миллиард теңгені құрады. Сондықтан да аталған су  бөгетінің маңызы зор, дейді мамандар.

Еліміздің Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысына жасаған сапары кезінде  Қорғас халықаралық сауда орталығы мен осындағы инфрақұрылымды  дамытып, Шұқырбұлақ су бөгетін салуды тапсырған болатын. Нәтижесінде, арнайы жоба дайындалды. Соңғы бес жылда Қорғас өзенінің арнасы кеңейтіліп, жағалауы бекітілді.

Юрий  Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Бұл бөгеттің жобасы екі елдің мамандармен ұзқ жsлдар бойы дайындалды. Қаржыландыру 50 де 50 пайыз  болды. Өйткені, өзен бойындағы инфрқұрылымдар екі елге ортақ әрі экономикалық маңызы бар.

Салынатын бөгеттің ұзындығы 534, биіктігі 50 метрді құрайды. Алып нысан 10 миллион текше метрге дейін тау суын тежеуге қабілетті. Жиналған су секундына 200 текше метр жылдамдықпен Қорғас өзеніне жіберіліп отырады.  Алатаудың Қорғас өзеніне құяр тұсында қырыққа жуық  көл бар. Олардың жалпы көлемі 3,5 миллион текше метрге дейін жетеді.

Тоқтар Баймолдаев, «Қазселденқорғау» ММ басшысы:

- Бұл Қорғас өзені ежелден селге қауіпті өзен болып есептеледі. Таудан түскен тас, құмның қалыңдығы төменгі жақта 20,28, метрге дейін. Таулы аймақтың ең үлкен қаупі мына 35 мұзды көлдер бар. Оның 20 қытайдың, 16 біздің аумақта орналасқн. Қазан көлдің көлемін 3,5 миллонға дейін өсіріп, азайтып отырамыз. 

Нысан құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Ерлан Әбжанов

Телеканал Хабар 24