380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO 2017 көрмесі киелі Маңғыстауға оң әсер етті

  • 484

EXPO еліміздің беделін айшықтап қана қоймай, «жасыл» экономиканы жаңғыртып, инвестиция тартуға серпін берді.

Бұл ретте бір ғана Маңғыстау облысының туризмі дамудың даңғыл жолына түсіп, шағын және орта бизнестің көші ілгерледі. Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Облыс басшысы күллі әлем көз тіккен көрме аясында Түркия, Қытай сынды 20-дан астам елдің трансұлттық компанияларымен кездесу өткізіп, 7 меморандумға қол қойылғандығын айтты. Бұл бастамалардың барлығы мұнайлы өлке халқының әлеуетін арттыруға бағытталған. Осы орайда Ералы Тоғжанов өңірдегі өзекті мәселе экологияға да жіті көңіл бөлініп отырғанына тоқталды. EXPO көрмесіне келген 80 мың маңғыстаулық шарапаты мол шарадан ерекше әсер алған. Осы ретте облыс оқушылары да тың технологияларды игеріп, мұнайлы өлкенің өркендеуіне өз үлестерін қосуға бел буған.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- 14 мыңнан аса мектеп балалалары қатысты. Келгеннен кейін 20 шақты жобаны ұсынды. Мұны сана-сезімдегі төңкеріс деп ойлаймыз. Оның ішінде «ақылды ферма» деген кішкентай жел стансасын салу туралы да бар. Жаңа талаптар қойып отыр.

Хабар 24 телеарнасы