389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәрім Мәсімов Атырау әуежайының қауіпсіздігін тексерді

  • 773
Кәрім Мәсімов Атырау әуежайының қауіпсіздігін тексерді Фото: pm.kz

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапары аясында Атырау әуежайын тексерді.

Облыс әкімімен бірге К.Мәсімов халықаралық сектор жолаушыларының ұшып келу және ұшып кету залын, сондай-ақ жалпы күту залын аралады. Премьер-Министр әуежай жұмысы туралы баяндаманы тыңдады, сонымен қатар аэровокзал ғимаратына қосымша салынатын ғимарат құрылысының бекітілген жобасымен танысты. Аймақтарға сапары барысында Кәрім Мәсімов көлік инфрақұрылымы нысандарының, әсіресе, әуежайлардың қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударады. Осыған дейін Премьер-Министр Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Қостанай, Павлодар әуежайларын тексеріп, Петропавл әуежайын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Хабар 24 телеарнасы