385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лев Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры халық алдында есеп берді

  • 812

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми-зерттеу жоғары оқу орнына айналмақ.

Бұл – білім ошағының стратегиялық мақсаты. Университеттің өткеніне көз жүгіртіп, бүгінін саралап, ертеңгі жоспарлармен бөліскен ректор Ерлан Сыдықов халық алдында есеп берді. Айтуынша, биылдан бастап магистранттар мен философия докторларын көптеп дайындау көзделген. Қазіргі таңда бакалавриат бағдарламасында 13 мыңнан астам студент оқып жатыр. Ал магистратура мен докторантурада бас-аяғы екі жарым мыңға жуық бала білім алуда. Сондай-ақ, оқу ордасы ғылым мен инновациялық шешімдерге де ден қойған

Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:

- ЕҰУ 5 жыл болды өзінің инновациялық паркі жұмыс істеп жатыр. Мұндағы ғалымдар көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Олардың көбі өндірістерде қызмет жасап, табыс әкелуде. Сонымен қатар, бізде жыл сайын жұмыс берушілер мен индустриядағы өкілдерді шақырып, біз «қандай тапсырмаларың бар, қандай шешілмеген мәселелерің бар ғылымды қажет ететін?» деп сұраныстар жасаймыз. Сұраныстарды сараптап, қолымыздан келгенше ұсыныс жасаймыз. Осылайша тығыз байланыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы