381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан ел Премьер-лигасының 30-тур ойындары өтті

  • 827

Қазақстанның 6 қаласында футболдан ел Премьер-лигасының 30-тур ойындары өтті. Қола жүлде үшін таласып келе жатқан «Ордабасы» мен «Ертіс» Шымкентте кездесті.

Матчта 6 гол соғылғанымен, қос команда ұпай бөлісті. Атырау өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» жеңсе, «Тобыл» Қостанайда «Ақжайыққа» ұтылды. Бұл ойында Нұрбол Жұмасқалиев қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. «Ақжайықтың» тікелей бәсекелесі «Тараз» да сырт алаңда бір ұпай еншіледі. Әулиеаталықтар Талдықорғанда «Жетісумен» тең түсті. Турдағы 3-і тең нәтиже Ақтөбеде тіркелді. Ал аптаның басты ойыны Алматыда болды. «Қайрат» «Астана» қақпасына жауапсыз 2 доп салды. Алайда, турнир кестесінде елордалық футболшылар топ бастап келеді. Оның үстіне бір ойын кейінге шегерілді. Қола жүлде үшін талас енді одан әрі қыза түсері анық. Екінші алтылықта соңғы орыннан құтылу үшін «Ақжайық» пен «Тараз» тайталасады. Ұпайы тең командалар енді соңғы турда аянатын түрі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы