384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кедендегі келеңсіз мәселелер оң шешімін табатын болды

  • 649

Кедендегі келеңсіз мәселелер оң шешімін табатын болды.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес осы мәселені жан-жақты талқылады. Комиссия мүшелері биыл «Тәжен», «Морпорт Ақтау», «Бахты», «Жібек жолы» және «Қапланбек» кедендік бекетінде болып, жұмыс барысындағы кемшіліктерді анықтады. Әсіресе, азық-түлік таситын жүк көліктері 15 сағаттан астам тексеріске аялдайды. Бұл тауардың сапасына тікелей әсер етеді. Шығын көбейеді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекеттің азаматтарына көрсетілетін қызметтердің оңтайландырылуы ойда бар. Көп саладағы 60-қа жуық қызметтің 45 пайызы электрондық қызметке көшті. Тағы да дистанциялық қызметтер көрсетілу мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар сыбайластыққа жол беретін кейбір мәселелердің бар екені көрініп тұр.

Хабар 24 телеарнасы