419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нидерланд Астананың 20 жылдығына орай елімізге мың түп қызғалдақ жөнелтті

  • Read 1885 times
  • Media
Нидерланд Астананың 20 жылдығына орай елімізге мың түп қызғалдақ жөнелтті

Голландиядан мың түп қызғалдақтың жаңа түрі келе жатыр.

«Арман Қала» деп аталған гүлдің өзгеше түрі Астананың 20 жылдығына тарту етіледі. Нидерланд гүл өсірушілер тобы ұйытқы болған іс-шараға сол елдегі Қазақстан елшілігі де қолдау білдірді.  

Мамандардың айтуынша, қызғалдақтың жаңа сұрпын шығаруға 25 жыл уақыт керек. Ян ЛиХтХарт гүл баптаумен 47 жылдан бері айналысады. Бұл іске 12 жасынан бері қызыққан ол үйінің ауласында гүлдің жаңа сұрпын дайындаумен әуестенеді. Ян бүгінде екі ұлымен бірге қызғалдақтың үш мыңға жуық түрін өсіріп отыр. Қазақстан осы қызғалдақтардың түпкі отаны екенін ол жақсы біледі.

Ян Лигтхарт, «Ligthart Bloembollen» компаниясының басшысы:

- Сіздің ел керемет әдемі. Әсем таулар мен шырайлы қалаларыңыз бар! Қысы суық, жазы Голландияға қарағанда құрғақ әрі жылы. Мұндай күн райы қызғалдақтардың табиғи жолмен өсуіне ыңғайлы. Ал бізде мұнда гүлдерге жасанды жолмен жылу береміз. Гүлдің түпкі отанында жердің тастан жылу алатынын оқығаным бар. Енді соны көру үшін Қазақстанға барғым келеді.  

Голландиядық кәсіпкер қызғалдақ өсірудің қыр-сыры мен жаңа сұраптар шығаруды сағаттап айтудан жалықпайды. Бұл жұмыс өте ұзақ уақытты талап етеді. Өсімдіктерді будандастырудан кейінгі алғашқы үш жылда сабағы мен жапырағы шығады. Сосын төртінші жылы ғана гүл бүр жарады. Жалпы қызғалдақтың жаңа сұрпын өмірге әкелу үшін жиырма жылдай уақыт керек.

Ян Лигтхарт, «Ligthart Bloembollen» компаниясының басшысы:

- «Арман Қала» - Астананың 20 жылдығына арналған қызғалдақтың жаңа түрі. Әппақ жиегі бар қызыл гүлдің сабағы мен жапырағы мықты әрі үш апта бойы гүлдеп тұрады.

Алдағы екі аптада Голландияда гүлдің жаңа сұрыбының атауына қатысты сертификат беріледі. Астана күні қарсаңында «Арман Қала» гүлінің мың данасы елордаға әкелінеді.  

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы