Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мәдина Сәдуақасова: Open Air жылда ерекше өтеді

  • 1431
  • UPD: 22:14, 29.05.2018
Мәдина Сәдуақасова: Open Air жылда ерекше өтеді

Астанада кешқұрым басталған «Ұлы дала бірлігі» атты ғаламат шоу-концерт әлі де жалғасып жатыр.

Ашық аспан астындағы сәні келіскен кеш елорданың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. «Қазақ елі» алаңында отандық эстраданың бірегей өкілдерімен бірге Ресейдің атақты 30 шақты әншісі өнер көрсетуде. Алты сағатқа созылатын музыкалық кеш барысында сан алуан арнайы эффектілер қолданылады.

Атап өтейік, Open Air форматындағы мұндай концерттер әлемнің түкпір-түкпірінде өткізіледі. Бас қаламызда да ұйымдастырылған шоуды тамашалауға жиылған жұрттың қарасы қалың. Салтанаты жарасқан концерт түнгі сағат он бірге дейін жалғаспақ.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

– Биылғы осы жобаның, осы концерттің ерекшелігі ол мерекелік болуында. Біздің елордамыздың, Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған кеш. Биыл әншілер де көбірек. Биыл халық та көбірек сияқты. Сахнада жаңа ғана ән айтып шықтым. Менің ойымша, жылда ерекше болады. Өйткені қонақтар өзгеріп тұрады. Біздердің репертуарымызға жаңа әндер қосылады.

Хабар 24 телеарнасы