389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барады

  • 146
  • UPD: 14:23, 10.10.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барады деп жоспарлануда.

Президент мұнайлы өлкеге белгілі қайраткер, саясаткер әрі жазушы Әбіш Кекілбаевқа арналған ескерткіш пен мәдени орталықтың ашылу салтанатына қатысады.

Лаура Қуанышқызы, тілші:

– Расында да бүгін жазушыға арналған ескерткіш пен оның есімі берілген мұражайдың іске қосылуын күтудеміз. Айта кетсем, аумағы 11 гектарға жуықтайтын ірі Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталық кешені құрамына кітапхана, мұражай, театр кіреді. Ал бүгін жазушы есімі берілген мұражай мен ескерткіш ашылмақ. Ескерткіш туралы айтар болсам, оның салмағы – 3.5 тонна, биіктігі 3,5 метр. Мұражайға қайраткердің өзі қолданған заттары, оған мәртебелі тұлғалар сыйлаған сыйлықтар, қызмет барысындағы суреттері, балалық шағы, мектеп жасы кезеңіндегі естеліктер қойылған. Қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тұрған әрбір экспонаттың өзіндік тарихы бар. Яғни «аңыз адамды тереңірек тануға мүмкіндік береді», – дейді.

Ғалия Шынтемірова, музейдің ғылыми-әдістемелік секторының меңгерушісі:

– Әбекең өзі өмір бойы әкесінің қаза тапқан жерін іздеуде болды. Сонымен көп жылдан табылмай, өзінің ең алғашқы «Алтын ұшақ»деген өлеңдер жинағында да әкесіне арналған өлеңдері бар. Өзіміз кітапта көрсеттік. Осы экспозицияда. Биыл Смолинск облысында Қоқымов Кекілбайдың жатқан жері табылды. Оның фамилиясы тек теріс жазылған екен. Коконов деп жазылып кетіпті Қоқымовтың орнына.

Лаура Қуанышқызы, тілші:

– Маман айтқандай, мұндағы әрбір экспонат абыз тұлғаның саналы ғұмырынан сыр шертеді. Сондықтан қазір мұражайда нақты қанша естелігі, заттары бар екені белгісіз. Өйткені жазушыға қатысты дүние мен естеліктердің бас-аяғы әлі түгенделуде.

Авторлары: Лаура Қуанышқызы, Асхат Әзіретханов

Хабар 24 телеарнасы