423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ПТР-тест қызметі арзандады

  • 228
  • UPD: 11:34, 19.10.2020
Қазақстанда ПТР-тест қызметі арзандады

Елде ПТР тестілеу қызметі арзандады. «Инвиво» және «Олимп» медициналық орталықтарында Ковид-19 вирусын анықтауға арналған зертханалық жұмыс құны 9000 теңгеге дейін төмендеді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі клиникалық-диагностикалық зертханалармен монополияға қарсы келісімге қол қойды. Осылайша жоғарыда аталған қос клиника карантин кезінде әлеуметтік жауапкершілік танытты.

Ұлттық сараптама орталығындағы баға өзгеріссіз - 11 жарым мың теңге.

Еске сала кеткен жөн, өткен аптада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР тестілеу бағасы 22 процентке арзандауы мүмкін деп хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы