383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«100 жаңа оқулық»: келесі 30 кітапты аудару жұмысы басталды

  • 1088
  • UPD: 09:42, 01.06.2018

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша мемлекеттік тілге аударылған алғашқы 18 кітап маусым айының ортасынан бастап, электронды форматта да қолжетімді болады.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық аударма бюросының жоба жетекшісі хабарлады. Құнды оқулықтар kitap.kz сайтына жүктеледі. Қазіргі таңда жобаның екінші легіне сәйкес тағы 30 кітаптың аудармасы басталған. Олардың арасында педагогика, стратегиялық менеджмент, адам ресурстарын басқару, халықаралық бизнес, маркетинг сынды оқулықтар бар. Баспасөз мәслихатына қатысқан экономист-ғалымдар «Менеджмент» және «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін барлық студенттерге оқытуды ұсынып отыр. Ал қазақ тіліне тәржімаланған 18 кітап биыл күзден бастап университеттердің оқу бағдарламаларына енгізіле бастайды.  

Назгүл Қожабек, Ұлттық аударма бюросының жоба жетекшісі:

- Сонымен қатар қазір Алматы мен Астанада 10 студияда осы оқулықтар бойынша видеолекциялар дайындалып жатыр. 18 оқулық бойынша видеолекциялар қыркүйек айына дейін дайындалып, монтажы жасалып OpenU.kz сайтында жарияланады.

Самажан Өмірзақов, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

- Мысалы, Менеджмент оқулығы жайында айтатын болсақ, келесі оқу жылында студенттер білім алу үшін осы пән бойынша силлабустар және оқу бағдарламалары, оқу жоспарларына айтылған оқулықтың ішіндегі жаңа көрсетілген ұстанымдар бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы