429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысының шалғай ауылдарындағы мектептер оқу жылын жаңа тәртіппен бастайды

  • 126
  • UPD: 11:04, 24.08.2020
Атырау облысының шалғай ауылдарындағы мектептер оқу жылын жаңа тәртіппен бастайды

Атырау облысының алыс аудандарындағы мектептер жаңа оқу жылын жаңа тәртіппен бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сабақ бір мезгілде, яғни, тек түске дейін ғана жүргізіледі. Құрманғазы ауданының орталығындағы Абай орта мектебі 1000 балаға есептелгенімен, биыл 350 оқушыны қабылдайды. «Бір мұғалім – бір сынып» қағидаты бойынша әр сыныптың сабақаралық үзілістері де дербес болады. Сондай-ақ алыс ауылдардағы оқушыларды қашықтан оқыту үшін қосымша шаралар алынған. Атап айтқанда, аудан орталғынан 300 шақырым қашықтықта орналасқан Азғыр өңіріне көршілес Батыс Қазақстан обылсынан кең жолақты «4G» интернет желісі тартылды. «Жаңа оқу жылына дайындық 25 тамызда толық аяқталады», - дейді білім басшылары

Еділ Баяров, аудандық білім бөлімі басшысының м.а.:

- Енді қамтылмай тұрған 6 елді мекен бар. Оған да «Қазақтелеком» мекемесі арқылы «Билайн» және «Актив» ұялы байланыс қызметтерін қондыруға күні бүгін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Енді ауданымызда жалпы мектептердің барлығы оқушыларды қабылдауға дайын. Барлық санитарлық жағдайлар сақталады. Оқу уақытында басталады деп есептеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы