432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-ның Жәнібек ауданында оқушылар нашар интернет байланысынан шаршады

  • 170
  • UPD: 15:46, 28.09.2020

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында интернет байланысы өте нашар. Мұның зардабын мектеп оқушылары тартып отыр.

Шәкірттер ғаламтор желісіне әйтеуір бір қосылармыз деген үмітпен  сыртта сағаттап жүруге мәжбүр. Ал шекаралас ауыл тұрғындары ресейлік ұялы операторларды пайдаланады. Тағы бір түйткіл оқушылардың көбінде компьютер мен ноутбук атымен жоқ.

Айта кету керек, облыс орталығынан ең шалғай орналасқан бұл аудандағы 15 орта мектепте 2 мың 600 шәкірт білім алып жатыр. 

Бағида Сарыбаева, аудандық білім бөлімінің басшысы: 

- Аудан орталығындағы интернет жылдамдығы жақсы, балалар оқуға мүмкіндігі бар.

Бірақ бір қиындығы бір уақытта, бір мезгілде көп балалар, оқушылар, ата-аналар кірген уақытта ол жылдамдық төмендейді. Сондықтан көбіне асинхронды  вариант амалымен олар оқуын жалғастырады.

Хабар 24 телеарнасы