427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молина қайтыс болды

  • 123
  • UPD: 11:19, 08.10.2020
Мексикада Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молина қайтыс болды

Химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты мексикалық ғалым Марио Молина сәрсенбіде Латын Америкасы елінің астанасында 77 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы Twitter-де өзі түлегі саналатын Мексиканың ұлттық автономды университеті (UNAM) хабарлады.

«UNAM химия саласындағы Нобель сыйлығының 1995 жылғы лауреаты Марио Молинаның қайтыс болғаны туралы өкінішпен хабарлайды», – делінген хабарламада. El Universal газетінің хабарлауынша, ғалымның өліміне инфаркт себеп болған.

Молина атмосферадағы озон тесіктерін зерттеумен айналысқан. Америкалық химик Роуланд Шервудпен бірге ол хлорфторкөміртектер жерді күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайтын стратосфералық озон қабатын бұзады деп тапты. Нәтижесінде 1985 жылғы Вена конвенциясы және 1987 жылғы Монреаль хаттамасы осы заттарды өндіруге тыйым салды.

Молина Нобель сыйлығын Шервуд және голландиялық химик Паул Крутценмен бірге атмосфералық химия, әсіресе озон қабатының пайда болуы мен бұзылуы бойынша жұмыстары үшін алды .

Хабар 24 телеарнасы