377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 577
  • UPD: 18:22, 09.01.2019
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.

10 қаңтар күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

10 қаңтар күні Түркістан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. Түркістан қаласында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте 10 қаңтар күні оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғатыны болжанып отыр. 10-12 қаңтар күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 10-11 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы