389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

  • 254
  • UPD: 19:25, 28.09.2019
Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды today.kz

Ертең еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 25 метр күтіледі.

Петропавл қаласында 29 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болуы ықтимал.

29 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 29-30 қыркүйекте кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.

Көкшетау қаласында 29 қыркүйекте түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 29 қыркүйекте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні секундына 18 метр. Түнде 30 қырқүйекте көктайғақ күтіледі.

29 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23 метр сақталады.

Хабар 24 телеарнасы