420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандар салық төлейді

  • 173
  • UPD: 21:41, 08.09.2020
Зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандар салық төлейді

Зейнетақыны мерзімінен бұрын шешіп алғандар 10% салық төлейді. Бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан беретін төлемдерге жеке табыс салығы салынады.

«Бұл ретте жеке тұлғалар ең төменгі 1 жалақы мөлшеріндегі салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын соманы азайтуға құқылы. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары тағы қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы