389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Орталық Азия елдерінің дамуы әлемдік экономикаға тәуелді болады

  • 718
  • UPD: 21:51, 04.05.2017

Орталық Азия және Кавказ елдерінің экономикалық дамуы әлемдік экономикадағы жағдайларға тәуелді болады.

Қазіргі таңда сыртқы жағдай дағдарыстан ес жиып келеді. Халықаралық Валюта Қоры сарапшыларының болжауынша, биыл әлемдік экономикалық өсім 3,5, ал келесі жылы 3,8 пайыз болады. Сондай-ақ, Халықаралық валюта қорының сарапшылары мұнай бағасы 55 долларға дейін қымбаттайды деп болжап отыр. Қазақстандағы жағдайды сараптай келе, қор мамандары елімізге Қытай экономикасының да оң ықпал етіп отырғанын айтады. Аймақтың мұнай-экспорттаушы елдерінің экономикасындағы өсім биыл 3,1 пайыз болады деген болжам бар. Ал 2018 жылы тағы бір пайызға ұлғаяды. Халықаралық қордың болжамдары қазақстандық реттеушінің пайымымен сәйкес келеді.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары: 

- Біз өзіміздің банкте төрт кезең бойынша болжам жасаймыз. Біріншісі ақпан айында аяқталды. Қазір екінші кезеңі аяқталады, оны маусым айында жариялаймыз. Біздің болжамымыз бойынша Ішкі жалпы өнім биыл 2,5 пайыз , ал келесі жылы 4,7 пайыз болады. Жалпы біздің бағалауымыз ұқсайды.  Қашағанның арқасында мұнай өндірісі артады. Сондай-ақ инвестиция көлемі ұлғаяды.

Хабар 24 телеарнасы