386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық кәсіпкерлер ет бағасының қымбаттау себебін атады

  • 143
  • UPD: 09:03, 09.08.2019

Елімізде еттің қымбаттауына жем-шөп бағасының көтерілуі мен ет экспортының ұлғаюы себеп болды.

Түркістандық сатушылар осылай дейді. Бұған дейін сиыр етін 1500-ден, қой етін 1300-ден жылқы етін 1700-ден алып жүрген алыпсатарлар қазір бағаның өскенін айтады. Себебі оңтүстікте өндірілген ет өнімінің дені сыртқа тасымалданады. Сондықтан ішкі нарықтағы ет бағасы біршама қымбаттаған. Мәселен, қазір өңірдегі базарлар да қой еті 1600-ден, сиыр еті 1800-ден, жылқы еті 1950 теңгеден саудаланып жатыр. Мамандардың айтуынша, елімізде қой мен сиыр етінің экспорты артқанымен, жылқы мен құс еті әлі де сырттан тасымалданады. Биыл Түркістан облысында ет өнімін экспорттау жоспары екі жарым еседен асып түсті. Жыл басынан бері жергілікті кәсіпкерлер 12 мың тоннадан астам етті экспортқа шығарған. Бүгін де облыста мың бастан он мың басқа дейін арналған 14 ірі мал бордақылау алаңдары бар. Соңғы 7 ай ішінде олар 100 мың тонна ет өнімін өндірген.

Лаура Мамытова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Сонымен қатар бізде құс еті де экспортталып жатыр. 1100 тонна құс еті ресей мен өзбекстанға шығарылды. Сондай-ақ еуропа елдеріне 1600 тонна балық еті шығарылды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі кеткен шығынның бір бөлігін өтеу субцидиялау қағидасына сәйкес, іріқараға арналған бордақылау алаңдарын салған жағдайда шығынның 25 пайызын өтеп береді.

Хабар 24 телеарнасы