418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Алатау» инновациялық технологиялар паркіне 400 млрд теңге инвестиция тартылады

  • 155
  • UPD: 23:50, 28.12.2020

Алматы қаласындағы «Алатау» «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына 400 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин хабарлады. Жаңа жобалар жүзеге асса, қалада 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. 

Казіргі таңда мұнда медицина және фармацевтика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру, құрал жасау саласын құру көзделген. Айта кетсек, «Вива Фарм» мен «Дольче Фарм» бұл жерде өздерінің зауыттарын сала бастады.

Еркебұлан Оразалин, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы:

– Желтоқсан айында құжаттарға қол қойылып, резидент статустарын алды. Енді олар 2021 жылы жобалық сметалық жұмыстарын бастайды. Фармацевтикалық зауыттар арнайы оларға технологиялар, басқа да қосымша талаптар бар болғандықтан, 3-4 жыл аралығында жүзеге асырылады.

Тағы 3 инвестор фармацевтика саласындағы жобаларын жүзеге асыру үшін құжаттар жинауда. Сондай-ақ 1400 орындық біріккен университеттік аурухана салынады. Қазір мұнда 180-ге жуық компания орналасқан. Солардың бірі – «Eltex Alatau» компаниясы.

Азамат Кесікбаев, Eltex Alatau компаниясының жетекші инженері:

– Компания жылына 100 мың дана IDTV приставкаларын шығарады. Одан бөлек, біздің компания коммутаторлар, Gpon қондырғыларын, Vaid қондырғыларын шығара алады. Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Ресей және де тағы да басқа аталмаған көптеген мемлекпен жұмыс жасаймыз.

«Алатау» инновациялық технологиялар паркі»арнайы экономикалық аймағын дамытуға «Almaty Business-2025» өңірлік бағдарламасы үлес қосып келеді.

Соның аясында Almaty Finance, «Алматы» шағын қаржы ұйымы мен «Qolday» кәсіпкерлік орталығы ашылды.

Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы