417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Junior Eurovision 2020: 28 қарашаға ауған түні дауыс беру басталады

  • 223
  • UPD: 16:52, 27.11.2020

Түнгі сағат бірде Junior Eurovision байқауының қатысушыларына дауыс беру басталады.

Әр адам 3 мемлекеттің әншісін таңдай алады. Ол үшін junioreurovision.tv немесе jesc.tv сайтына кіру керек.

Жеңімпаз 29 қараша күні белгілі болады. Junior Eurovision халықаралық балалар ән байқауы «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Биыл Қазақстан бұл байқауға үшінші жыл қатарынан қатысып отыр. Бұған «Хабар» агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуы мүмкіндік беріп отыр.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

– Осы маңызды додада әрқайсыңыздың дауыстарыңыз керек. Себебі біз үшін көбіне басқалар дауыс береді. Немесе артық 1-2 минут таппай, дауыс бермей жатамыз. Ақырында сол дауыс шешуші рөл ойнауы мүмкін. «Хабар» агенттігі – Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі. Бұған дейін байқауға Данэлия Тулешова, Ержан Максим барды. Енді Қарақатқа төртеу түгел болса, төбедегі келеді, бәріміз бір адамдай қолдап, дауыс берсек дұрыс болатын еді.

Қарақат Башанова, Junior Eurovision 2020 байқауына қатысушы:

– Қобалжу, әрине, бар. Ұлттық іріктеуде де қатты қобалжыған болатынмын. Қазірдің өзінде гранд-финал жақындаған сайын қобалжуым арта түсуде. Бірақ Қазақстанды жоғары деңгейде көрсетуге қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.

Хабар 24 телеарнасы