376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда төтенше жағдай тәртібі тағы ұзартылады

  • 1026

Францияда төтенше жағдай тәртібі тағы 2 айға ұзартылады.

Ел Парламенті осындай шешімді қолдап дауыс берді. Бұл шара қауіпсіздік мақсатында қабылданып отыр. Өйткені келесі айда мұнда футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Сондай-ақ 2 және 24 шілде аралығында Францияда «Тур де Франс» веложарысы өтпек. Негізі елдегі төтенше жағдай тәртібі 2015 жылдың 13 қарашасынан кейін енгізілген болатын. Ол кезде содырлар Парижде бірнеше лаңкестік шабуыл жасап, 130 адам көз жұмған еді. Сол уақыттан бері бұл режим ұзартылып келеді.

Хабар 24 телеарнасы