384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ соты Диланн Руфты өлім жазасына кесті

  • 581
  • UPD: 14:37, 11.01.2017

АҚШ-тың алқабилер соты 9 афро-америкалықты атып өлтірген 22 жасар Диланн Руфты өлім жазасына кесті.

Сот «бұл қылмыс нәсілдік өшпенділік негізінде жасалған» деп тапты. Ал Руф отырыс барысында кінәсіз жандарды қырғаны үшін еш өкінбейтінін ашық айтты. Осыдан кейін 3 сағат бойы ақылдасқан алқабилер оған ең қатаң жаза қолдануға шешім қабылдады. Бірақ үкім шығып қойғаннан кейін Руф жаңа қорғаушы тағайындауды сұраған. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 17 маусымында Диланн Руф Оңтүстік Каролина штатының Чарлстон қаласындағы шіркеуге келіп, қара нәсілді америкалықтарға оқ жаудырған. Салдарынан жергілікті сенат мүшесімен бірге 9 адам қаза тапқан. Полицейлердің қолына түскен жігіт нәсілдік соғысты бастағысы келгенін айтқан.

Хабар 24 телеарнасы