389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулдың 700 мыңға тарта тұрғыны үйлерін тастап қашқан

  • 434
  • UPD: 14:16, 16.06.2017

Иракта Мосул қаласындағы атыс-шабыстан қашқан халықтың жартысынан көбі балалар.

Бұл туралы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым мамандары хабарлайды. Айта кеткен жөн, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» елдегі негізгі тірегі саналады. Оны жаудан арылту шарасының жүріп жатқанына 8 ай болды. Осы уақыт ішінде 700 мыңға тарта адам үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен. Біреулері көрші елді мекендерге қашса, басқалары таяудағы лагерьлерді паналауға мәжбүр. Ал экстремистердің уысындағы қауіпті аймақта әлі 100 мыңға тарта бала тұрып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы