366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Египеттегі мешітте болған жарылыстан 200-ден астам адам қаза тапқан

  • 366
  • UPD: 21:54, 24.11.2017

Египеттің Синай түбегі солтүстігіндегі Әл-Ариш қаласы маңында орналасқан мешіт жарылып, қаза тапқандардың саны 200-ден асқан.

Тағы 130 адам жарақат алған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары жариялап жатыр. Лаңкестер жарылғыш затты жұма намазы кезінде іске қосып, мешіттен жанталаса сыртқа шыққандарды атып тастаған. Қауіпсіздік күштері жарылыс болған жерді қоршауға алып, қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы