385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламентте уақытты жыл мезгілінде өзгертуге қарсы құжат қабылданды

  • 632
  • UPD: 13:01, 10.02.2018

Еуропарламент Еуропалық Одақта жазғы және қысқы уақытқа көшуден бас тартуға үндеген қарар қабылдады.

Құжат Одақтың жетекші органы Еурокомиссияға бағытталып отыр. Себебі зерттеулер нәтижесінде бұл тәжірибенің оң әсері бары дәлелденген жоқ. Керісінше мұндай шараның адам денсаулығы мен, ауыл шаруашылығына және жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігіне зиян екендігі анықталған. Сондықтан депутаттар Комиссияны осы мәселені мұқият зерттеуге шақырды. Ал Еуроодақ аймағында жыл сайын наурыз айының соңғы жексенбісінде уақыт 1 сағатқа алға жылжытылып, қазан айының соңғы жексенбісінде 1 сағат кері шегеріледі. Тәжірибе әр 5 жыл сайын талқыланып отырады. Мұндай шара Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде де қолданылады. Бірақ Азия, Африка және Оңтүстік Американың көптеген елдері бұдан бас тартқан.

Виолета Булк, Еуропалық Одақтың көлік жөніндегі еурокомиссары: 

- Егер біз мұндай өзгерісті келіспей жүзеге асырсақ бұл ішкі нарықта, әсіресе жол көлік қозғалысы саласында көп мәселе туғызар еді. Сондықтан мұндай шара Еуропалық Одақтың барлық аумағында бір мезгілде және біркелкі жүргізілуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы