388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея президенті Олимпиададағы КХДР делегациясымен кездесті

  • 708
  • UPD: 15:27, 10.02.2018

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Пхёнчхандағы қысқы Олимпиадаға келген Солтүстік Корея делегациясымен кездесті.

Жүздесу президент сарайында өтті. Тараптар бір-бірімен қол алысып, одан кейін арнайы ас берілді. Ал КХДР делегациясын осы ел басшысы Ким Чен Ыннан кейінгі екінші тұлға, парламент төрағасы Ким Ён Нам бастап келді. Оның құрамында ел басшысының қарындасы Ким Ё Чжон бар. Бұл 1950-1953 жылдардағы Корей соғысынан бері ең жоғарғы деңгейдегі делегация болып отыр. Сондай-ақ солтүстіктегі билеуші отбасы мүшесінің оңтүстікке алғашқы сапары. Ал Олимпиада ойындарына Солтүстік Кореяның 22 спортшысы қатысады. Олар кеше шараның салтанатты ашылуында Оңтүстік Корея өкілдерімен бірігу туын көтеріп шықты.

Хабар 24 телеарнасы