384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда ереуіл салдарынан теміржол көлігінің қозғалысы тежелді

  • 474
  • UPD: 18:51, 08.04.2018
Францияда ереуіл салдарынан теміржол көлігінің қозғалысы тежелді

Францияда теміржолшылар екінші күн қатарынан ереуілге шығып, көптеген ішкі және халықаралық поездар жолға шықпай қалды.

Наразылық акциясына қатысушылар үкіметтің елдегі ірі мемлекеттік теміржол компаниясын реформалауға қарсы. Кәсіподақ өкілдері биліктің бұл әрекетінің соңы Теміржол ұлттық қоғамы бірлестігін жекешелендіруге әкеліп соғады деп алаңдайды. Ереуілшілер әсіресе  өткен ғасырдың ортасында қабылданған жеңілдіктердің қысқарғанына наразы. Алайда премьер-министр Эдуард Филип ереуілге қарамастан реформа жүргізілетінін мәлімдеді. Ал сауалнамаға сәйкес, биліктің бастамасына қоғамның едәуір бөлігі қолдау білдірген. Өйткені темір жол саласындағы қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздік мәселесіне қатысты шағым көп. Теміржолшылар болса талаптары орындалмаса әр үш күн сайын наразылық акциясын өткізетінін айтады.

БЛИЦ:

- Наразылық акциясынан ең алдымен жолаушылар зардап шегеді. Мен мұны тиімді деп ойламаймын. Мысалы, жекеменшік секторда мәселе туындаса біз ереуілге шықпаймыз. Сондықтан оны шешудің басқа жолын қарастыру керек.

- Бұлай аяқ астынан наразылық шарасын өткізуден нәтиже шамалы. Мұнан кейін де бәрібір ештеңе өзгермейді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы