386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қарлы бораннан 5 адам қайтыс болды

  • 429
  • UPD: 07:50, 14.01.2019
АҚШ-та қарлы бораннан 5 адам қайтыс болды

АҚШ-тың Орталық бөлігінде боран соғып, Миссури мен Канзас штатында 5 адам опат болды. Тағы ондаған тұрғын жарақат алған. Қалың қар мен көктайғақтан тас жолдарда көлік апаты көбейді.

Боран жайлаған өңірлерде 1 мыңнан астам жол көлік апаты тіркеліп отыр. Жергілікті қызметтер жолдарды тазалап үлгермеуде. Қардың қалыңдығы 1 жарым метрге дейін жетеді. Ауа райы қолайсыздығынан ұшақтар да сапарға аттана алмай, жүздеген рейс кейінге шегерілген. Ал синоптиктер боран бұл аймақтарда тағы бірнеше күн тұрып, Айова, Индиана, Небраска, Иллинойсқа тарайды деп ескертуде. Осыған байланысты билік тұрғындардан барынша абай болып, алыс сапарға шықпауға кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы