388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ конгресі шекараға қатысты алдын ала келісімге келді

  • 273
АҚШ конгресі шекараға қатысты алдын ала келісімге келді

АҚШ конгресі кезекті шатдаунды болдырмау үшін шекараға қатысты алдын ала келісімге қол жеткізді.

Бұл туралы республикалық сенатор Ричард Шелби мәлімдеді. Оның айтуынша, демократтар мен республикалықтар жабық кездесу өткізіп, елдің оңтүстік шекарасына қатысты ортақ шешімге келген. Құжаттың мәтіні жақын арада жариялануы мүмкін.

Еске сала кетейік, президент Трамп Мексикамен шекараға қабырға тұрғызу үшін конгрестен 5,7 миллиард доллар қаржы бөлуді сұрап отыр. Демократтар оған қарсы. Олардың айтуынша, бұл жобаға 1,3 миллиард доллар жеткілікті. Салдарынан былтыр желтоқсан айында биылғы бюджет бекітілмей, кейбір мемлекеттік органдар жұмысын уақытша тоқтатқан. Шатдаун 35 күнге созылып, Трамп демократтар дайындаған уақытша құжатқа қол қойған соң ғана аяқталған еді.

Хабар 24 телеарнасы