389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гаитиде ереуілдер кезінде 26 адам ажал құшты

  • 607
Гаитиде ереуілдер кезінде 26 адам ажал құшты

Гаитиде ақпанның 7-сі басталған ереуілдер барысында 26 адам мерт болды.

Тағы 77 тұрғын түрлі жарақат алған. Ашынған халықтың бас көтеруі әлі де аяқталар емес. Ашуға бой алдырғандар елдегі жоқшылық пен сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюына наразы. Шерушілер шаһардағы бірнеше ғимарат пен көшедегі көліктерді бүлдіріп, полициямен қақтығысып жатыр. Оларды тарату үшін үкімет әскері көз жасаурататын газ бен күш қолдануға мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы