383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия халқы жергілікті өнімдерді таңдайды

  • 524
  • UPD: 09:56, 05.03.2019

Отандық тауарларды тұтыну – ел экономикасына жасалған ең үлкен қолдау.

Түркия Республикасы сауда министрлігінің жергілікті өнімдерді насихаттауға бағытталған жаңа науқаны осылай деп аталады. Енді дүкен сөрелеріндегі әрбір тауарда «жергілікті өнім» немесе «шетелдік тауар» деген таңба болуы тиіс.

Түркияның дүкен сөрелеріндегі тауарлардың кем дегенде 51 проценті отандық тауар. Кей жерлерде бұл көрсеткіш 90 процентке дейін барады. Халықтың жергілікті өнімдерге сұранысы жоғары.

Сердар Дениз, дүкен қожайыны:

- Дүкендегі тауарлардың 80 процентке жуығы жергілікті өнімдер, 20 проценті шетел тауарлары. Шетелдік тауарлардың басым бөлігі елімізде жасалған. Сауда сөрелеріндегі тауарлардың орналасуы да әртүрлі. Біз алдымен халық көп тұтынатын, сұранысқа ие тауарларды қоюға тырысамыз.

Түркияда «түрік жұрты үшін – түрік тауары» деген түсінік қалыптасқан. Жергілікті тауарлардың сапасы өте жоғары. Сондықтан тұтынушылар басқа елдің тауарларын қажет етпейді.

Фатма Айнұр Бесжи, тұтынушы:

- Үнемі түрік тауарларын аламын. Бір жағынан, елімнің экономикасына үлес қосамын, екінші жағынан, алған өнімнің құрамында бөгде қоспалардың жоқ екенін анық білемін. Бағасы тиімді. Сапасы жоғары.

Сарай Эминоғлұ, тұтынушы:

- Елімізде жасалғандығы үшін жергілікті өнімдерді алуға тырысамын. Себебі, сенімді әрі дәмі де бізге арналған. Өзіміздің өнім тұрғанда өзгенің тауарларын қайтейін? Түрік тауарлары басқа елдің өнімдерінен артық болмаса, кем емес.

Ел үкіметі алдағы күндері дүкендерде өңірлік сауда сөрелерін ашпақшы. Басты мақсат – елдің 81 провинциясының өнімдерін таныту. Жергілікті өндірушілер арасында бәсекелестікті арттыру. Өнім түрлерін көбейту.

Авторы: Меруерт Қанағат

Хабар 24 телеарнасы