378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода Эбола безгегін жұқтырғандар саны артты

  • 87
  • UPD: 09:56, 14.04.2019
Конгода Эбола безгегін жұқтырғандар саны артты

Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегін жұқтырғандардың саны 1 мың 200-ге жетті.

Қауіпті дерттен 751 адам көз жұмып, 354 тұрғын сауықан. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса соңғы аптада індет қайта күшейгенін айтады. Бірақ төтенше жағдай әзірге енгізілмеді. Айта кетейік, Конго демократиялық республикасында эбола безгегі былтыр жазда белең алды. Содан бері халықарлық ұйымның көмегімен түрлі шаралар жүзеге асырылып, 95 мыңнан астам адам жұқпалы дертке қарсы егілген.

Хабар 24 телеарнасы