386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда брекситті қолдамайтындар шеруге шықты

  • 173
  • UPD: 15:23, 21.07.2019
Ұлыбританияда брекситті қолдамайтындар шеруге шықты

Ұлыбритания астанасында брекситті қолдамайтындар тағы да наразылық шеруін өткізді.

Бұл жолы олар Консервативтік партия басшысы атанудан негізгі үміткер Борис Джонсонға қарсылық танытты. Жүз мыңдаған шерушілер Лондонның орталық көшелерімен жүріп, «Бориске қарсымыз, Еуропаны қалаймыз» деген ұран ұстанды. Акцияға қатысушылар Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына қатысты ел ішінде екінші референдум өткізуді талап етуде. Айта кетейік, ертең консервативтік партия жаңа лидерін сайлау аяқталып, шілденің 23-і күні Ұлыбританияның жаңа премьер-министрінің есімі белгілі болады. Себебі Премьер-министр Тереза Мэй ел парламенті үкіметтің брексит келісімін 3 рет кері қайтарған соң, мамыр айының соңында отставкаға кететінін жариялаған. 

БЛИЦ:

– Менің ойымша брекситке жол берілмеу керек. Себебі бұл мемлекетке пайда әкелмейді. Біз Еуропада болсақ қана мықтымыз.

– Халық Брексит бойынша тағы бір мәрте ойланып, өз таңдауын жасау керек. Егер одақтан шығуды қолдайтындар жеңсе, онда бөлінеміз. Демократиялық тұрғыдан осылай шешкен дұрыс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы