386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла тұрғындары АҚШ санкцияларына қарсы петицияға қол қойып жатыр

  • 180
  • UPD: 14:54, 12.08.2019
Венесуэла тұрғындары АҚШ санкцияларына қарсы петицияға қол қойып жатыр

Венесуэла тұрғындары АҚШ-тың салған санкцияларына қарсылығын білдіру мақсатында петицияға жаппай қол қоя бастады.

Болжам бойынша, құжатпен 1 млн астам адам танысып, өз келісімін беру керек. Кейін ол  БҰҰ бас хатшысына жолданбақ. Ал жуырда аталмыш ұйым өкілдері АҚШ тарапының халықаралық құқық пен Женева конвенциясының ережелерін бұзбағанын анықтауға кіріскен болатын. Естеріңізге салайық, жуырда ақ үй басшысы Дональд Трамп Венесуэлаға санкция енгізу туралы шешімді мақұлдады. Оған сәйкес алдағы уақытта Венесэуламен серіктестік орнатпақ болған америкалық компаниялар да санкцияға ілігеді. Сонымен қатар Вашингтон Венесуэла билігінің шотын бұғаттап тастады. Бұл шектеу осы елдің «сенімді серіктестері» Ресей және Қытаймен байланысына нұқсан келтірген. Сол себепті Венесуэла БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке көмек қолын созу туралы хат жолдаған.

Хабар 24 телеарнасы