387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтон Ауғанстандағы әскерін шығаруға ниетті

  • 138
  • UPD: 15:22, 28.08.2019
Вашингтон Ауғанстандағы әскерін шығаруға ниетті russian.rt.com

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шама келгенше тез шығаруға мүдделі. Мұндай мәлімдемені осы елдің Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша АҚШ бұл елде 18 жылдан бері әрекет етіп, мемлекетті реформалауға барынша көмектескен. «Бірақ Құрама штаттар Ауғанстанда мәңгі қалмақ емес», - дейді Помпео.

Айта кетейік, биыл АҚШ пен «Талибан» радикалды қозғалысы бірнеше рет келіссөз жүргізіп, Ауғанстандағы жағдайды реттеуді талқылады. Мәліметке қарағанда, жақында өткен кездесуде тараптар елдегі шетелдік әскерді шығару бойынша ортақ шешімге келген.

Хабар 24 телеарнасы